Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

«БОТАЙ-БУРАБАЙ» ашық аспан астындағы музей

2018 жылдың 7 шілдесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық музейінің ашылу салтанаты өтті.

Музей ауданы 600 шаршы метр кеңістікті алып жатыр, барлық кешеннің жалпы ауданы 25 000 шаршы метрді құрайды. Бұл жеті үйден тұратын туристік сәулет-мәдени ансамблі. Ботай үйлерін қайта құру – Қазақстандағы алғашқы ғылыми тәжірибе.

Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен маңызы дәл осы жерде әлемде алғаш рет жылқы қолға үйретіліп, көшпелілердің алғашқы тұрғын үйлері құрылып, ат-дала өркениеттерінің ұлы жаңалығы басталуында. Бұл жаңалық уақыт өте келе қазақ киіз үйіне айналған ерекше сәулет стилі мен құрылыс шеберлігін қалдырған арғы бабалардың тарихи тәжірибелерін ғана емес, сонымен қатар қазіргі кезде де қолданыла алатын құрылыс нысандарын көрсетеді.

Ботай үйлері үшін негіз ретінде киіз үйге ұқсайтын, үстіне күмбездер тұрғызылған, тереңдігі 1 метр болатын баспаналар жатады. Семантика туралы айтатын болсақ, Ботай баспаналары әлемнің құрылымын көшіреді. Дөңгелек нысаны, шар жабыны – күмбез, тұрғын үйдің орталығы – ошақ, от күнді бейнелейді. Күмбез саңылауы сиқырлы рөлді ойнады. Барлық тұрғын үйлер өзара жер асты өткелдерімен біріктірілген және олардың әрқайсысы бірегей және белгілі бір қызмет түріне арналған: осы кезеңді толық көрсету үшін балауыз фигуралары жасалған: тайпаның көсемінің мүсіні, қолөнерші – ер адамның бейнесі, қымыз дайындау үдерісімен айналысатын Ботай әйелінің бейнесі, рухани қасиетті тұрғын үйде шаман фигурасы. «Ботай-Бурабай» музейі келушілерге Ботай – кейінгі неолит тарихи дәуірін жаңғыртып жасалған орта арқылы тарихқа жанасу мүмкіндігін тудырады.

Музей ашылған күннен бастап туристер арасында үлкен танымалдыққа ие, оған 50 000-ға жуық адам келіп кетті, оның ішінде Ақмола облысына жұмыс сапарлары барысында келген шетел азаматтары, сондай-ақ Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Үндістан, Жапония, Корея, Ямайка және т.б.) демалушылар бар.

«БОТАЙ-БУРАБАЙ» ашық аспан астындағы музей біздің ата-бабаларымыздың әлемдік мәдени қазынаға қосқан тарихи үлесін және Қазақстанның мәдени жетістіктерін белсенді насихаттау үшін жағдай жасауға бірегей мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан – Көкшетау трассасы (240 км.)

8(716 36) 7-19-25, 87772050202

E-mail: burabai_ikm@aqmola.gov.kz

Яндекс.Метрика

A+AA-