Ләззат Ғаббасқызы Түгелбаева
Ерейментау тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі
- Телефон:8 (71633) 2-24-37
- E-mail:ereimentau_ikm@aqmola.gov.kz
Ерейментау тарихи-өлкетану музейі
Музей XVIII ғасырдың ең ірі қазақ жауынгерлерінің бірі, Абылай хан дәуірінің атақты қолбасшысы – Бөгенбай батырдың туғанына 300 жыл толуына орай 1991 жылы ашылды. 1999 жылы тарихи-өлкетану музейіне Бөгенбай батырдың есімін беру туралы шешім қабылданды.
1999 жылы музейдің құрметті қонағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды. Елбасының сый-құрметі жазылған кітап және сыйлық музей экспозициясында көрсетілген.
2005 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында музей ғимаратына жөндеу жұмыстары және аудан тарихы, палеонтология, археология, өлкенің тарихы атты төрт залға жаңа экспозиция жұмыстары жүргізілді:
Көрме залында жергілікті суретшілер және халық шығармашылығы шеберлерінің көрмесі ұсынылады.
Музей Ерейментау ауданының қоғамдық ұйымдарымен, оқу орындарымен тығыз байланыста. Көптеген жылдар бойы музей қызметкерлері белгілі археолог Айман Досымбаевамен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында музейде «Бөгенбай батыр жорықтарының ізімен» атты музейлік ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылуда. Жыл сайын Ерейментау ауданының тарихи-археологиялық орындары бойынша ғылыми-зерттеу, туристік және жинақтау экспедициялары өткізіледі.
Ерейментау қ.
Абылай хан көш., 138
8(716 33) 2-24-37
E-mail: ereimentau_ikm@aqmola.gov.kz
Құрылған күні: 20.02.2017 13:05
Жаңартылған күні: 12.08.2020 18:26