Әсемгүл Асқарқызы Шакиева
Бурабай к. тарихи музейінің меңгерушісі
- Телефон:8 (71636) 7-19-25
- E-mail:burabai_ikm@aqmola.gov.kz
Бурабай тарихи-өлкетану музейі
Бурабай к. тарихы музейі Абылай ханның 280-жылдық мерейтойына орай 1999 жылы ашылды. Бұл экспозиция негізіне жергілікті өлкетанушы Әмина Тұрсынбаева құлшыныспен жинаған курорттық өлкенің мәдениеті, тарихы және этнографиясы туралы мәліметтер қойылды. Музей кішкентай бейімделген үй-жайда орналасқан.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылы музейдің реэкспозициясы өткізіліп, Бурабай тарихи-өлкетану музейі жаңа
атауы берілді.
Бүгінгі таңда, музей «Бурабай Даму» визит орталығында орналасқан және әрқайсысы өлкенің тарихын ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін көрсететін тарих залы, этнография залы, Бурабай
зерттеушілері залы атты үш залдан тұрады.
«Тарих залында» қазақ қоғамының шаруашылық – мәдени тұрмысының ерекшеліктерімен таныстыратын тараулар ұсынылған: «ХІХ ғасырдағы Көкшетау округі тарихынан», «ХХ ғасырдағы аймақ тарихы», «Заманауи Қазақстан».
«Этнография залында» қазақтардың үй тұрмысы, этномәдениеті және халықтың қолданбалы шығармашылығының түпнұсқа жәдігерлері орналасқан. Ежелден Көкшетау жері, залда ұсынылған,
өлкенің көрнекті ақындары Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай шығармашылығымен даңққа ие болған.
«Бурабай зерттеушілері залында» келушілер Бурабай өлкесінің тарихы мен табиғатына үлкен үлес қосқан әйгілі ғалымдар, академиктер және зерттеушілермен таныса алады. Ұлы Отан соғысы кезінде, кітаптары мен еңбектері музейде ұсынылған, 150-ден астам ғалымдар, КСРО Ғылым академиясының көрнекті қайраткерлері Ақмола облысына көшірілді: Владимир Вернадский, Лев Берг, Николай Гамалей және т.б. зерттеушілер. Заманауи кезеңде Бурабай бойынша зерттеулер
Ә.Х.Маргұланға, Қ.И.Сәтпаевқа, А.Қ.Казбековке, Қ.Қ.Абуевке тиесілі.
Музейде жаңа ақпараттық технологиялар: ақпараттық дүңгіршектер, моноблоктар, тарихи деректі
фильмдер көрсетілетін теледидарлар орнатылған, Бурабай тарихы мен этнографиясы бойынша интерактивті сабақтар жүргізіледі. Музей дәлізінде Қазақстанның сұлу қазынасын бейнелейтін Бурабай ауданы суретшілерінің картиналары ұсынылады.
Бурабай кенті
Кенесары көш., 55
8(716 36) 7-19-25
E-mail: burabai_ikm@aqmola.gov.kz
Құрылған күні: 20.02.2017 13:03
Жаңартылған күні: 14.10.2020 18:33