Тоқымашылық өнері
АОТӨМ этнография ғылыми-зерттеу
кіші ғылыми қызметкері
Айым Нұрмақанова
24 мамыр Қазақстанда Славян жазуы мен мәдениеті күні аталып өтіледі. Бұл күн славян алфавитін жасаушыларға, славяндарда хаттың дамуына алғаш рет және ең маңызды үлес қосқан ұлы ағартушылар — Кирилл мен Мефодийге арналады. ІХ ғасырдың соңында славяндарда көптен күткен өз әліппесі пайда болды. Михаил Үшінші, Византия императоры ескі славян тілі үшін реттелген жазба жасау туралы бұйрық береді. Бұл істі ағайынды Кирилл мен Мефодий қолға алады. Сондықтан әліппені кириллица деп атай бастайды. Осындай маңызды оқиғаның құрметіне барлық славян мемлекеттері үшін ерекше мереке ұсынылды.
Қазақстан – жүз отыздан астам ұлт өкілдері береке мен бірлікте өмір сүріп жатқан жас мемлекет. Мемлекетіміздің көпұлтты бейнесінің қалыптасуына өзіндік үлесі қосушы әрбір диаспораның қазақ жеріне түрлі жағдайда, тағдырдың тәлкегімен қадам басқандығы бүгінде баршаға белгілі. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі өзінің 100 жылдық мерейтойы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай "Сиқырлы кілем әлемі" атты халық шығармашылығының үздік үлгілерінен құрылған көрме ұсынылмақшы.
Кілем - әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның беріктігімен және төзімділігімен байланысты болса керек. Сол себепті де халқымыз үй
жасауы «кілем» дейді. Оны тұрмысымызда әрі төсеніш әрі жылулық, әрі сұлулық пен көрік ретінде пайдаланған. Кілемнің халық арасында тараған түрлері өте көп: жібек кілем, тақыр кілем, түсті кілем, терме кілем, алаша кілем, қалы кілем т.б. «Үй жасауы - кілем» дейді халық. Кілем жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін, ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Дайындалу тәсіліне қарай кілемдердің қолдан және машинамен тоқылған түрлері болады.
Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады.
Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдер КСРО, Иран, Франция,Үндістан, Қытай, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Польша, Ауғанстан, Түркияда шығарылады, КСРО-да қолдан тоқылған ең жақсы кілемдер негізінен РКФСР (Дағыстан АССР-і), Түркменстан, Азербайжан, Грузия, Армення және Қазақстанда шығарылады. Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр-түсті, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әртүрлі болып келеді. Сондықтан да кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың, тайпаның атымен аталған.
Орыс мәдениетінде қолмен тоқу дәстүрі бар. Ертеде өте қарапайым геометриялық өрнектерді, көлбеу немесе зигзаг тәрізді жолақтарды пайдаланған. Сондай-ақ, XIX ғасырда қала мәдениетінің ықпалымен, үйдің интерьерінде гүл мотивтері үлкен рөлге ие болды.
Шеберлер жұмыстарындағы көлденең жолақтардан тұратын аралық суретпен өрнектелген жолдарды көрулеріңізге болады.
Дорожка, ХХ ғ. ортасы, Келлер ауд.
Дәстүрлі жолақ кілемдерден басқа, «тор» түрінде көруге болады. Бұл экспонат музейдің ХІХ ғасыр залында орналасқан. Ал, екіншісі қызыл қара торлы, музейдің қор бөлімінде орналасқан.
Экспедиция барысында музей қызметкерлері Астрахан ауданының Зеленое ауылында тұратын Елена Иосифовнамен кездесті (1923 ж.т.). Өзінің қайғылы естеліктерімен бөлісті. Ұлы Отан соғысы кезеңінде Белоруссияны басып алған жылдары фашистер Елена Иосифовнаның ата-аналары мен апаларын атып тастаған. Олардың ең үлкені 21 де, ортаншысы 15 те, ал кішісі 12де болды. Елена Иосифовна азық-түлікке көрші ауылға барғаннан бір өлімнен құтылған. Бірақ та, ол жерде ұзақ уақыт бойы тифпен ауырып қалған. 1943 жылы тұтқынға алып, Виндау бағыты бойынша фашистер айдауға жаяу жіберген. 1959 ж. Бубич Е. И. Белоруссияның Люблин ауданынан Қазақстанға келді. Ол сыйлаған төсеніш белоруссиялық тоқу техникасына тән.
Поляк килим-поляк кілемі, ХХ ғ. ортасы
Польяк және украиндық кілемдері (килимдер) тегіс тоқу немесе гобелендік өрім техникасында орындалған, түрлі -түсті түстердің үйлесімінде контрастты тегістейтін көптеген реңктері бар. Өсімдік ою-өрнегі бар, кілемнің жазықтығы өсімдік жиектермен көмкерілген. Гүл мотивтері бар тегіс кілем, сондай - ақ геометриялық кілемдер көп жағдайда көлденең тоқу станогында кенеп тоқу әдісімен орындалған. Кілем 134х212 см, 2005 жылы Көкшетау қаласының тұрғыны Николай Иосифович Суховецкий (1954ж.т.) музей қорына тапсырған. Чкалов ауданының, Зеленый Гай ауылында дүниеге келген.
Кілем өнері – ғажайып өнер. Әлемнің көптеген халықтарында кілемдер қалың мал ретінде, елшілікке сый ретінде берілген ең құнды заттардың бірі болды. Кілем этнос үшін марка, символы болып саналды. Кілемдердің оюы арқылы осы этностың мәдениетін, ерекшелігін көруге болады. Мұны қолдан тігілген кілем мен фабрикадан шыққан кілемдерді салыстыру арқылы анық көз жеткізе аласыз. Қалай дегенмен де, табиғи зат өз ерекшелігімен, қанық бояуларымен, қиюы келіскен нақыштарымен өзіне тартып тұратыны сөзсіз.
Құрылған күні: 17.08.2020 16:31
Жаңартылған күні: 17.08.2020 16:31