Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Майра Өмірбайқызы Нұржанова

Майра Өмірбайқызы Нұржанова

Степногорск тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі

  • Телефон:8 (71645) 6-25-22
  • E-mail:stepnogorsk_ikm@aqmola.gov.kz


Степногор тарихи-өлкетану музейі

Степногор тарихи-өлкетану музейі 0 Степногор тарихи-өлкетану музейі 1 Степногор тарихи-өлкетану музейі 2 Степногор тарихи-өлкетану музейі 3 Степногор тарихи-өлкетану музейі 4 Степногор тарихи-өлкетану музейі 5 Степногор тарихи-өлкетану музейі 6 Степногор тарихи-өлкетану музейі 7 Степногор тарихи-өлкетану музейі 8 Степногор тарихи-өлкетану музейі 9 Степногор тарихи-өлкетану музейі 10 Степногор тарихи-өлкетану музейі 11 Степногор тарихи-өлкетану музейі 12 Степногор тарихи-өлкетану музейі 13 Степногор тарихи-өлкетану музейі 14 Степногор тарихи-өлкетану музейі 15 Степногор тарихи-өлкетану музейі 16 Степногор тарихи-өлкетану музейі 17

Степногор тарихи - өлкетану музейі 1994 жылдың 6 қаңтарында Тың тау-химиялық комбинатының Еңбек Даңқы залының негізінде құрылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында, Степногор қ. әкімдігінің және «Қазақалтын Technology» ЖШС қолдауымен музейде күрделі жөндеу және жаңа экспозицияны құру бойынша көркемдік-безендіру жұмыстары жүргізілді.

Музей экспозициясы әрқайсысы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі өлкенің тарихын қамтитын 5 залдан тұрады: кіріспе залы, табиғат және археология залы, этнография залы, жауынгерлік даңқ залы мен «Қазіргі заман» залы.

Кіріспе залда келушілерге Ақмола облысының картасы, «Степногор қаласы», «Шантөбе алғашқы өндіруші кеніштері» диорамалары ұсынылады.

«Табиғат және археология» залында бай археологиялық материалдар – бұл Степногор қ. маңындағы Шондынқорасы шатқалында өткен археологиялық экспедицияларда жиналған коллекциялар, «Су әлемі» және «Дала» панорамалары ұсынылады.

«Этнография залында» үй тұрмысындағы түпнұсқа жәдігерлер, қазақтардың этномәдениеті мен халықтың қолданбалы шығармашылығы ұсынылады. Зал экспозициясы қазақ халқы тұрмысының ерекшеліктерін, оның мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетеді.

«Жауынгерлік даңқ залында» Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысушылардың фотогалереясын көруге болады. Диорамада Ұлы Отан соғысы шайқасының көрінісі, сондай-ақ, келушілер үшін майдангерлердің жеке заттары, майдан хаттары көрсетілген.

«Қазіргі заман» залында қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары ұсынылған. Ақпараттық стендтер, алдыңғы қатарлы қала түзуші кәсіпорындарының макеттері мен жәдігерлері орналасқан. Сондай-ақ, залда қала мен оның алғашқы құрылысшыларының тарихымен байланысты фотоматериалдар, құжаттар, жәдігерлер көрсетіледі.

Музей Жаңасібір қ. Рерихов қоғамымен белсенді жұмыс істейді.

Степногор тарихи-өлкетану музейі қалалық ауқымдағы іс-шаралардың ұйымдастырушысы және қатысушысы, «Музей без границ» және «Киелі жер Степногор» жобаларының авторы болып табылады.

Степногор қ.

«Горняк» МҮ, 3 шағын аудан

8(716 45) 6-25-22

E-mail: stepnogorsk_ikm@aqmola.gov.kz

Яндекс.Метрика

A+AA-