Көрмелер
2019 жылдың 6 қыркүйегінде Степняк қаласында Біржан сал Қожағұлұлының 185 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ғасырлар аманаты» көрмесін ұсынды.
"Ғасырлар аманаты" тарихи-этнографиялық көрмесі аттас экспозициялық-көрме жобасының аясында Біржан сал ауданының тұрғындарына Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған қазақ халқының бағалы артефактілері мен материалдық және рухани мәдениетінің жәдігерлерімен таныстырды. Көрмені Ақмола облысы мен Қазақстан өңірлерінің өнер майталмандары тамашалады.
Көрме Біржан сал және оның замандастары өмір сүрген рухани әлемге жанасуға және ұлттық тұрмыс заттарына жаңа көзқараспен қарап, олардың арасындағы терең өзара байланысты түсінуге мүмкіндік берді.